Адам құқығы бойынша сараптау

Адам құқығын қорғауға қатысты жағдай

Қазақстан Республикасындағы адам құқығы

Қазіргі таңда адам құқығын қорғау мәселесі Қазақстанның мемлекеттік саясатының ең басым бағыттарының бірі саналады. Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамалық актілерінің өн бойында адам құқығы туралы халықаралық құжаттарға негіз болған қағидаттардың барлық түрі тоғысқан.

Еліміздің Ата Заңымен бекітілген ережелер оның қоғам алдындағы артықшылықтарын, міндеттемелерін анықтап және азаматтардың негізгі құқықтарына кепілдік берді. Республика азаматтарын құқықтық ағарту және олардың білікті заңгерлік көмекке және әділ сотқа қолжетімділігі саласындағы қолданыстағы ережелері азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік биліктің күштерін біріктіріп, еліміздің Ата Заңының жасампаз әлеуетін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-б. 1-т., 13-б. 3-т., 14-б. 1-т.), Қазақстан Республикасы Президентінің «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымдамасы туралы» 2009 жылдың 24 тамызындағы №858 Жарлығын (5-тарау: Құқықтық білім, құқықтық насихаттау), Елбасының «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, біп мүдде, бір болашақ» жолдауын және республикамыздың басқа да стратегиялық құжаттарын іске асыру ортақ мақсатына бас біріктіргендері жөн деп санайды. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру барысында заңның басымдылыққа ие болу мәселесі бастапқы және ең маңызды мәнге ие.

Президенттің «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, біп мүдде, бір болашақ» жолдауында «әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қарай қадам басу кезінде бізге әділ бәсекелестік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет атмосферасы қажет» екендігі атап өтіледі. 2010-2020 жылдарға арналып жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасындағы құқықтық саясат тұжырымдамасында да мемлекеттің халық арасында бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде интернет ресурстар арқылы құқықтық насихаттың ауқымы мен сапасын арттыруды басшылыққа алу, заңнама және құқықтық қолданудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді, әсіресе, азаматтардың күнделікті өмірінде жоғары сұранысқа ие құқық салаларында жандандыру қажеттігі расталады

Көрсетілген стратегиялық құжаттарда мемлекет басшылығы халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру бойынша мәселелерді бағалау және шешуде жаңа қадамдарға, құқықтық жоққа шығаруды азайту және азаматтардың заңға бағынушылығын арттыруға басты назар аударады.

Еліміздің жаһандануы көптеген процесті жандандырады, олардың бірі – көпшілік заңгерлік қызметтер мен көпшілік заңгерлік көмектің кез келген жерде қолжетімдігіне мұқтаж жандар үшін заманауи қоғамның заңдылықтары мен құқықтық шынайылық мән-жайын қайта ой елегінен өткізу.

Отбасылық құқық бойынша білім базасы

Ерікті түрде және сот арқылы.

ҚР Неке және отбасы кодексінің 138-бабына сәйкес тараптардың өзара келісімге келіп, нотариалды растауы ерікті деп саналады. Сот тәртібінде сот бұйрығы немесе сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.

ҚР АПК 135-б. сәйкес сот шешімі шығарылатын талаптар

Сот бұйрығы мынадай талаптар бойынша шығарылады:

4) әкелік (аналық) құқығын растаумен немесе үшінші тұлғаны тартумен байланысты емес кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіру туралы;

139-бап. Сот тәртібімен кәмелетке толмағандарды асырап-бағуға өндірілетін алименттердің мөлшері

  1. 1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алименттер олардың ата-анасынан сот арқылы ай сайын бір балаға табысының төрттен бір бөлігі, екі балаға үштен бір бөлігі, үш және одан да көп балаға табысының және (немесе) ата-аналардың басқа кірістерінің тең жартысы көлемінде өндіріліп алады.
  2. Бұл үлестің көлемін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайын және басқа да назар аударуға тұрарлық фактілерді ескере отырып, азайтуы немесе көбейтуі мүмкін.

Неке және отбасы кодексінің 141-б. сәйкес балаларға алиментті қатаң ақшалай сомада өндіру

  1. Ата-аналар арасында кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу туралы келісім болмаған және алиментті ата-ананың табысынан және (немесе) басқа кірісінен үлестік мөлшермен өндіру мүмкін болмаған, тараптардың бірінің мүддесі қиындаған немесе айтарлықтай бұзылған жағдайларда сот ай сайын өндірілетін алиментті қатаң ақшалай сомада немесе бір мезетте үлестік мөлшермен және қатаң ақшалай сомада белгілеуге құқылы.

Мұндай жағдайларға табысы және (немесе) кірісі тұрақты емес ата-анадан алимент өндіру, не болмаса ата-ана еңбекақысын және (немесе) басқа кірісті толықтай немесе ішінара алатын жағдайлар  жатады.

Неке және отбасы кодексінің 148-б. сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін бұрынғы жарының алимент алу құқығы

  1. Бұрынғы жарынан сот арқылы алимент өндірілуін талап ету құқығына ие:

1) бұрынғы зайыбы жүктілік кезеңінде және ортақ сәби үш жасқа толғанға дейінгі кезеңде;

2) ортақ мүмкіндігі шектеулі баланы он сегіз жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған, сондай-ақ ортақ мүгедек балаға он сегіз жасқа толғанша І-ІІ топ мүгедектігі тағайындалған жағдайдағы мұқтаж азамат(ша);

3) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбек қабілеттілігінен айырылған, күтімге мұқтаж бұрынғы жұбайы.

  1. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін бұрынғы зайыбына тағайындалатын алимент мөлшері мен оны төлеу тәртібі жұбайлар арасындағы өзара келісім арқылы немесе сот арқылы анықталады.

Неке және отбасы кодексінің 73-б. сәйкес баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-аналық құқығын жүзеге асыруы

  1. Баладан бөлек тұратын ата-ананың баламен араласуға, оның тәрбиесіне және баланың білім алуымен және бала үшін маңызды басқа да жайттарға байланысты мәселелерді шешуге атсалысуға құқылы.

Баламен бірге тұратын ата-ана егер мұндай жағдай баланың физикалық және психикалық денсаулығына, оның адами қалыптасуына зиянын тигізбейтін болса, баланың екінші ата-анасымен араласуына кедергі келтірмеуі тиіс.

  1. Ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы соттың шешімін орындамаған жағдайда кінәлі ата-ана Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған жауапкершілікті арқалайды.

Соттың шешімін қасақана орындамаған жағдайда сот баладан бөлек тұратын ата-ананың талап етуі бойынша баланың мүддесін және баланың ой-пікірін есепке ала отырып, оған баланы беру туралы шешім шығара алады.  

ЖАУАП: Баланы екінші ата-анаға беру туралы шешім шығарған сотқа бала тапсырылған ата-ананың екінші ата-ананың баламен араласуына мүмкіндік бермеуіне байланысты арыз беру қажет.

ӘПК 127-бабына сәйкес ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындамауы

  1. Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдердің кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін жеті айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл қарастырылған.
  2. Аталмыш баптың бірінші тармағында қарастырылған әрекет әкімшілік айыппұл салынғаннан кейін жыл ішінде тағы қайталанатын болса, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе он бес тәулікке дейінгі әкімшілік қамау тағайындалады.

Неке және отбасы кодексінің 74-бабына сәйкес ата-аналардың баланы басқа тұлғалардан талап ету құқығы

  1. Ата-аналар заң негізінде немесе сот шешімі негізінен тыс баланы ұстап отырған кез келген тұлғадан баланы қайтаруын талап етуге құқылы. Талас туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Осы талаптарды қарастыру кезінде сот баланың ой-пікірін есепке ала отырып, баланы ата-анасына қайтару баланың мүддесіне сай келмейді деп есептеген жағдайда ата-аналардың талап арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

  1. Егер сот ата-аналары да, баланы бағып отырған тұлға да оның тиісті деңгейде тәрбиеленуі мен дамуын қамтамасыз ете алмайтындығын анықтаса, сот баланы қамқорлау немес қорғаншылау бойынша қызметті жүзеге асыратын құрылымның қарауына тапсырады.

Егер, әрине, бұл жерде қылмыс белгілері байқалмаса ғана.

ҚК білім базасы: құқықтық білім

ҚР Қылмыстық кодексінің 11-бабына сәйкес қылмыстың санаттары

  1. Қылмыстар сипаты мен қоғамдық қауіптілік деңгейіне қарай аздаған ауырлықтағы, орташа ауырлықтағы қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар болып бөлінеді.
  2. Аздаған ауырлықтағы қылмыстар ретінде оларды жасағаны үшін аталмыш Кодексте қарастырылған ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана әрекеттер, сондай-ақ оларды жасағаны үшін қарастырылатын жаза аталмыш Кодекске сәйкес бес жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда болған әрекеттер танылады.
  3. Орташа ауырлықтағы қылмыстар ретінде оларды жасағаны үшін аталмыш Кодексте қарастырылған ең ауыр жаза бес жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана әрекеттер, сондай-ақ оларды жасағаны үшін қарастырылған жаза бес жылдан астам мерзімге белгіленген абайсызда орын алған әрекеттер саналады.
  4. Ауыр қылмыс ретінде оларды жасағаны үшін аталмыш Кодексте қарастырылған ең ауыр жаза он екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана әрекеттер саналады.
  5. Аса ауыр қылмыстар ретінде оларды жасағаны үшін аталмыш Кодексте он екі жылдан астам уақытқа, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасына кесу түрінде жаза қарастырылған қасақана әрекеттер танылады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабына сәйкес шын жүректен өкініш білдіргені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату

  1. Қылмыстық теріс әрекетке барған, не болмаса алғаш рет қылмыс жасаған тұлға кінәлі тұлғаны, оның өз кінәсін мойындауы, қылмыстың ашылуына, қылмыстық құқықбұқузышылықтың тергелуіне, қылмыстық құқықбұзушылық салдарынан келтірілген залалдың орнын толтыруға көмектесуін есепке ала отырып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.
  2. Аталмыш баптың бірінші тарауының ережелері осы Кодекстің Айрықша бөлімінің сәйкес баптарында арнайы қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында, кәмелетке толмаған балалардың жыныстық еркіне қолсұқпаушылыққа қарсы қылмыс, тұлғаға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған тұлғаларға қолданылмайды. Көрсетілген шектеулер он төрт жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі жасында кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық еркіне қолсұқпаушылыққа қарсы қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылмайды.

ҚР ҚК 80-бабы. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

  1. Аталмыш тараудың әрекеті таралатын кәселеттік жасқа толмағандар ретінде қылмыстық құқықбұзушылықты жасау сәтінде жасы он төртке толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған тұлғалар танылады.
  2. Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған кәмелеттік жасқа толмаған балаларға жаза қолданылуы мүмкін, не болмаса оларға трбиелік ықпал етудің мәжбүрлі шаралары қолданылуы мүмкін.

81-бап. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға тағайындалатын жаза түрлері

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері мыналар:

1) белгілі бір қызметпен айналысу құқығын айыру;

2) айыппұл;

3) түзету жұмыстары;

4) қоғамдық жұмыстарға тарту;

5) еркіндігін шектеу;

6) бас бостандығынан айыру.

  1. Кәмелеттік жасқа толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
  2. Айыппұл сотталған кәмелетке толмаған тұлғаның өз бетінше тапқан еңбекақысы немесе айып салуға болатындай мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін тағайындалады.
  3. Түзету жұмыстары өз бетінше табысы немесе тұрақты кіріс бар кәмелеттік жасқа толмағандарға оннан бастап екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін тағайындалады.
  4. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырықтан бастап жүз елу сағатқа дейін тағайындалады, оның барысында кәмелетке толмаған тұлға өзі әлі келетін жұмысты оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытта орындайды. Жазаның аталмыш түрін орындау ұзақтығы он алты жасқа дейін күніне екі сағаттан, ал он алты жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі тұлғалар үшін күнінен үш сағаттан аспауы тиіс.
  5. Еркіндігін шектеу кәмелеттік жасқа толмағандарға екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін еркіндігін шектеуге алмастыру жағдайында өтелмеген жаза бөлігінің барлық уақытына тағайындалады.
  6. Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын жылға тағайындалуы мүмкін, ал ауыр жағдайдағы адам өлімі немесе терроризм актісі, не болмаса бірі ауырлататын жағдайдағы адам өлімі немесе терроризм актісі болып табылатын қылмыстық құқықбұзушылық жиынтығы бойынша он екі жыл беріледі. Аса ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы адам өлімімен байланысты емес қылмыс жасаған кәмелетке толмаған тұлғаларғабас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
  7. Кәмелеттік жасқа толмағандар бас бостандығынан айыру жазасын кәмелеттік жасқа толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтейді.
  8. 04.17 ж. № 58-VI (ескі мәтінін қараңыз) ҚР Заңына сәйкес алынып тасталды.
  9. Сот жазаны орындаушы құрылымға кәмелеттік жасқа толмаған сотталушымен сөйлесу барысында оның тұлғалық ерекшелерін есепке алу туралы нұсқау бере алады.

83-бап. Кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату

  1. Егер қылмыстық жауапкершілікке тартпай-ақ түзету мүмкін деп санаған жағдайда қылмыстық қателікке ұрынған немесе аса ауыр емес қылмыс жасаған, не болмаса алғаш рет қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаны сот қылмыстық жауапкершіліктен босатуы мүмкін. Бұл ретте оған тәрбиелік ықпал ету бағытындағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
  2. Егер тәрбиелік ықпал ету бағытындағы мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы түзету мүмкін деп танылған жағдайда қылмыстық қателік немесе аса ауыр емес, не болмаса орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған кәмелеттік жасқа толмаған азаматты сот жазадан босатуы мүмкін.
  3. Осы Кодекстің 68-бабы екінші тармағында қарастырылған жағдайларда сот адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен және өліммен байланысты емес ауыр қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен босатуы мүмкін.

ҚР ҚПК 66-бабы. Қорғаушы

  1. Қорғаушы – заңнамада белгіленген тәртіппен қорғалуға құқылы куәгердің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, айыпкердің құқығы мен мүддесін жүзеге асыратын және қылмыстық іс бойынша өндіріс кезінде оларға заңгерлік көмек көрсететін тұлға.
  2. Қорғаушы ретінде адвокат қатысады. Адвокаттың қылмыстық прцеске қорғаушы ретінде қатысуы кезінде онымен қатар қорғалу құқығы бар куәгердің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, айыпкердің жазбаша арызы бойынша олардың қорғалуын келесі тұлғалардың бірі жүзеге асыра алады: жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, қамқоршысы, қамқоршысы, не болмаса қорғалушыны жауапкершілігіне алған ұйымныңі өкілі. Шетелдік адвокаттардың іске қорғаушы ретінде қатысуына заңнамада анықталған тәртіппен, Қазақстан Республикасының сәйкес мемлекетпен өзара келісім негізінде халықаралық келісімшарты болған жағдайда рұқсат етіледі.
  3. Қорғаушы қылмыстық процеске тұлға қорғалуға құқығы бар куәгер, күдікті, айыпталушы, сотталушы, айыпкер мәртебесін алған сәттен бастап, сондай-ақ қылмыстық процестің кез келген келесі сәтінен бастап қатысуға құқылы.
  4. Егер екеуінің бірінің мүддесі келесінің мүддесіне қарама-қайшы келетін болса, бір адам екі бірдей қорғалуға құқығы бар куәгер, күдікті, айыпталушы, сотталушы, айыпкердің қорғаушысы бола алмайды.
  5. Адвокаттың қорғалуға құқығы бар куәгер, күдікті, айыпталушы, сотталушы, айыпкерді қорғау бойынша өзіне алған жауапкершіліктен бас тартуға құқығы жоқ.

ҚР ҚПК 71-бабы. Зардап шегуші

  1. Қылмыстық процесте зардап шегуші ретінде тікелей қылмыстық құқықбұзущылық арқылы оған моральдық, физикалық немесе мүліктік залал келді деуге негіз бар тұлға танылады.
  2. Тұлға оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық колексінде тыйым салынған әрекеттер арқылы ақыл-есі түзу емес адам залал келтірген жағдайларда да зардап шегуші деп танылады.
  3. Тұлға сәйкес қаулы шығарылғаннан кейін ғана қылмыстық процесте зардап шегуші ретінде танылады. Егер қылмыстық процесс барысында оның бұл қалыпта болуына негіздеме жоқ екендігі анықталса, қылмыстық процесті жүргізуші құрылым өз қаулысы арқылы тұлғаның зардап шегуші ретінде қатысуын тоқтатады.

ҚР ҚК 100-бабы. Анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі

Босану кезінде, одан кейінгі кезеңде де анасының психологиялық зақым немесе ақыл-ес ауысуын жоққа шығармайтын психикалық ауытқу жағдайларында  жаңа туған нәрестесін өлтіруі төрт жылға дейін еркіндігін шектеу немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру арқылы жазаланады.

ҚР ҚК 115-бабы. Қоқан-лоқы

Өліммен немесе денсаулығына ауыр зардап келтіру, басқа да соған теңдес ауыр зорлық жасау, не болмаса мүлкін өртеп жіберу немесе басқа да жалпы қауіпті тәсілмен арқылы құрту туралы қоқан-лоқы жасау осы әрекеттерді іске асыруға жеткілікті деңгейде қауіптенуге негіз бар деп танылған жағдайда

екі жүз айлық көрсеткіш көлемінде айыппұлмен немесе дәл сол көлемдегі түзету жұмыстарымен, не болмаса жүз сексен сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартумен, не болмаса алпыс тәулікке дейін тұтқындаумен жазаланады.

ҚР ҚК 119-бабы. Қауіпті жағдайда қалдыру

  1. Өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған және жасы кіші, кәрі, сырқат болуына байланысты немесе басқа да көмекке мұқтаждық жағдайлары салдарынан өзін-өзі қорғау шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған тұлғаны біле тұра, көмексіз қалдыру кінәлі адамның бұл тұлғаға көмек көрсету мүмкіндігі болған немесе осы тұлғаға қамқорлық көрсетуге міндетті болған жағдайда өзі оның өмірі мен денсаулық жағдайын қатерге тіксе, жүз айлық есептік көрсеткіш айыппұл немесе дәл осы көлемдегі түзету жұмыстары, не болмаса жүз жиырма сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не болмаса қырық бес тәулікке дейін тұтқындау жазасы тағайындалады.
  2. Көмексіз қалдырылған тұлғаның денсаулығына абайсыздықпен ауыр немесе орташа ауырлықтағы зазал келтіруге ұрындырған дәл сол қылмыс үшін екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл немесе дәл осы көлемдегі түзету жұмыстары, не болмаса екі жылға дейін еркіндігін шектеу немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
  3. Осы баптың бірінші тармағында қарастырылған, салдарынан көмексіз қалған тұлғаның өлім жағдайына ұрындырған қылмыс үш жылға дейін еркіндігін шектеумен немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
  4. Осы баптың бірінші тармағында қарастырылған, екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтырған қылмыс бес жылға дейін еркіндігін шектеумен немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады..

[contact-form-7 id=”61″ title=”Contact form 1″]

×

×
X