Qorgau жобасы

Жобаның мақсаты мен міндеттері

01
Жастар ресурстық
орталықтары жанынан заңгерлік кеңес беру бөлімдерін (210) ашу
02
Өмірлік қиын
жағдайға тап болған жандарға заңгерлік көмек көрсету
03
Осы бағыттағы
көмек көрсете алатын «әлеуметтік» заңгерлердің қауымдастығын құру

Жобаның мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған жандардың құқықтық білім деңгейін арттыру және азаматтардың құқығын қорғаудың ұлттық жүйесін құру.

Жобаның міндеттері:

 

  • Облыс орталықтарындағы және Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларындағы Жастар ресурстық орталықтары жанынан заңгерлік кеңес беру (210) бөлімдерін ашу.
  • Өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға тегін заңгерлік көмек көрсету.
  • Еліміздегі ЖОО-лар мен колледждердің заң факультетінің 3-4-курстарында оқып жүрген студент-еріктілерді тарту. Заңгерлік кеңес беру бөлімдеріндегі жұмыс – студенттер үшін практикалық тәжірибе.
  • Кеңес беруді ұйымдастыруға көмек ретінде заң факультетінің оқытушыларын, тәжірибе жинап жүрген заңгерлерді сарапшы-кеңесші ретінде тарту.
  • Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға осы бағыттағы көмектер көрсете алатын «әлеуметтік» заңгерлердің қауымдастығын құру.
  • Өмірлік қиын жағдайға тап болған жандардың толық көлемдегі тегін заңгерлік көмекке/қызметке қолжетімділігін кеңейту.
  • Азаматтардың қолданыстағы сенім телефондары мен 111 Халықты бірыңғай қолдау қызметінің нөмірі туралы хабардарлығын арттыру.
  • «Айт!» ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізіп, оның аясында халықты жұмыс жасап жатқан дағдарыс орталықтары, сенім телефондары және басқа да әлеуметтік қызметтер туралы ақпараттандыру (жадынамалар, бүктеме парақшалар, әдістемелік құралдар тарату).
  • Отбасы және некенің оң үлгісін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық кампаниялар өткізу (8-ден кем емес әлеуметтік ролик, бейнесюжеттер, ақпаркестелер).
  • «Құқық қорғаушы» мобильді қосымшасы (жасанды зерде).

Жобаның географиясы

Адам құқығын қорғаумен байланысты жағдай

Қазақстан Республикасындағы адам құқығы

 

Қазіргі таңда адам құқығын қорғау мәселелері Қазақстан мемлекеттік саясатының ең басты бағыттарының бірі саналады. Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамалық актілерінің өн бойында адам құқығы туралы негізгі саналатын халықаралық құжаттарда кездесетін қағидаттардың толықтай топтамасы тұнып тұр.

Еліміздің Негізгі заңында бекітілген қағидалар оның басымдылықтарын, қоғам алдындағы міндеттемелерін анықтады және азаматтардың іргелі құқықтарына кепіл болды. Құқықтық сауаттандыру және республика азаматтарының білікті заңгерлік көмекке және әділ сотқа қолжетімділігі саласындағы қалыптасқан жай-жапсар азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік билік құрылымдарының еліміздің Негізгі заңының (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1-б. 1-т., 13-б. 3-т., 14-б. 1-т.), Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» 2009 жылдың 24 тамызындағы №858 Жарлығының (5-тарау: Құқықтық білім, құқықтық насихаттау), Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының және басқа да стратегиялық құжаттардың жасампаз әлеуетін жүзеге асыру бағытындағы бірлескен күш-жігерін біріктіру және бір арнаға тоғыстыру қажет деп таниды.

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрылу барысында заңның үстемдік ету мәселелері ең негізгі және маңызды рөлге ие.

Президенттің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Еліміздің 30 дамыған елдің қатарына қарай қадам басуында бізге әділ бәсекелестік, әділдік, заңның үстемдігі мен жоғары құқықтық мәдениет атмосферасы қажет» екендігі деп атап көрсетілген. 2010-2020 жылдарға арнап жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымдамасында сондай-ақ халық арасында бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде интернет-ресурстар арқылы құқықтық насихат сапасын арттыру және көлемін ұлғайту, заңнама мен құқықтық қолдану саласының өзекті мәселелері бойынша, әсіресе, азаматтардың күнделікті өмірінде сұранысұа ие құқық салаларында ғылыми зерттеулерді белсенділендіру қажеттілігі расталады. Көрсетілген стратегиялық құжаттарда мемлекет басшылығы халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру бойынша бағалау және мәселелерді шешудің жаңа қадамдарына, құқықтық нигилизмді азайту және азаматтардың заңға құлақ асуын күшейтуге басты назар аударып отыр.

Елді жаңғырту көптеген процесті өзекті ете түседі, олардың қатарында көпшілік заңгерлік қызметтерге және көпшілік заңгерлік көмекке жаппай қолжетімділікке мұқтаж заманауи қоғамның құқықтық шынайылығының заңдылықтары мен мән-маңызын қайта ой елегінен өткізу бар.

[contact-form-7 id=”61″ title=”Contact form 1″]

×

×
X